Мәдениет

ЖАМБЫЛ АТЫН ЖАҢҒЫРТАМЫЗ

Биыл жыр алыбы Жамбыл атамыздың 170 жылдығы атап өтілуде. Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.  

Біз де мектебіміздің Жамбыл Жабаев атымен аталатынын мақтан етеміз. Халық поэзиясының алыбы, ғасыр жасаған кемеңгер ақынның өмір жолын өнегелеген тағылымды шараларды өз мектебімізде де өткіздік.

Сондай шаралардың бірі дарынды оқушыларды марапаттау рәсімі болды. Мектеп басшылары республикалық, қалалық және аудандық білім байқауларында жүлдегер атанған озат оқушыларға құрмет білдірді. Пәндер бойынша өткен білім сайыстарында бірінші орын алған Нұрсұлтан Әлібек, екінші орын алған Айдана Алданазар мен Әйгерім Есімова, үшінші орынға ие болған Кристина Қаражанова мен Заида Әубәкірова – мектебіміздің мақтаныштары. Сондай-ақ, көптеген оқушыларымыз ғы­лыми жобалар байқауында бақ сынап, жүлдегерлер қата­рынан көрінді.

Мектеп әкімшілігі озат оқушылармен қатар олардың мұғалімдеріне де алғыс жариялап, сый-құрмет көрсетті.

Айсұлу ДОСМАҒАМБЕТОВА,
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

Материалды “Астана ақшамы” газетінің astana-akshamy.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button