Басты ақпаратЖаңалықтар

Астана әкімі Ә. Жақсыбековтің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы



1

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің шуақты сәті әйел-аналарымыз бен аруларымыздан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты – жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу деген сөз.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!

Ізгі ниетпен,

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button