Қала тіршілігі

«ASTANA ART FEST-2017» ШАҚЫРАДЫ

17 маусымда Астанада Нұржол желекжолында «ASTANA ART FEST-2017» – заманауи өнердің үшінші халықаралық фестивалі өз жұмысын бастайды. Бұл туралы фестивальдің дайындық барысында «Откровение» орындаушылық өнердің халықаралық фестивалінің директоры Ольга Сұлтанова мәлімдеді.

20160704130426

Ольга Сұлтанованың айтуынша, фестивальдің өтуіне Астана қаласы әкімдігінен бастап көптеген ұйымдар қолдау білдіріп отыр. Сондай-ақ, ол жыл сайын фестиваль экспозициясына Қазақстанмен жақын және алыс шетелдерден 70-тен аса автор қатысатынын атап өтті.

– Фестивальдің ашылуына арналған театрланған ғаламат шоу сағат 20.00-де басталады. Көрермендерге осы жылғы фестивальдің негізгі идеясы – Nomad Energy аллегориялық үлгіде ұсынылатын болады. Номад энергиясы – бұл шығармашылық, түрлендіргіш күш және адам мен оны қоршаған кеңістіктің өзгеруі. Астана қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында нео-номадизм идея­сының жаңа көрінісін жүзеге асыра алдық. Біз қала тұрғындары мен қонақтарын жаздың жарқын оқиғасын көруге, оған жанасуға және таң қалуға шақырамыз, – дейді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button