Sport

АСТАНА АРУЛАРЫ КӨШ БАСТАДЫ



Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасында өткен ел біріншілігі мәресіне жетті. Турнирдің нәтижесінде Астана командасы көш бастады.

453

Бокстан ұлттық құраманың мүшелері анықталған додада басты фавориттер ретінде саналған қыз­дар өздерінің мықтылығын тағы бір дәлелдеп құрамадағы орнын сақтап қалды.

Сонымен, көпшілік күткендей Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Валентина Хальзова, Ләззат Күнгейбаева чемпион атанды. Сондай-ақ, Рио Олимпиадасының қатысушылары Жайна Шекербаева мен Дариға Шәкімова да артылған сенімді ақтады.

2017 жылғы ел чемпионатының жеңімпаздары мыналар: 48 келіде – Алуа Балқыбекова, 51 келіде – Назым Қызайбай, 54 келіде – Дина Жоламан, 57 келіде – Назым Ищанова, 60 келіде – Римма Волосенко, 64 келіде – Мадина Нұршаева, 69 келіде – Валентина Хальзова, 75 келіде – Дариға Шәкімова, 81 келіде – Мөлдір Базарбаева және 81+ келіде – Ләззат Күнгейбаева.

Жалпы командалық есепте Астана 3 алтынмен 1-орынды, Алматы және Ақмола облыстары 2-орынды иеленсе, Жамбыл, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстары бір-бір алтынға қол жеткізді.Енді ұлттық құрама биыл қазан айында Вьетнамда өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button