Жаңалықтар

Астана ауданы



Сарыарқа ауданында биыл 7 аула мен 3 қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Бүгінде «Көктал-1» тұрғын алабында Ақтолқын-Бастаңғы көшелері мен Жұмбақтас көшесінің қиылысында орналасқан 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде футбол алаңы, воркаут аймақтар, балалар ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар саябақтарда, скверлерде, бульварларда тұрғындардың демалысына қолайлы, тыныш аймақтар қарастырылып, шыр­ша, үйеңкі және бөртегүл отыр­ғызылды. Сондай-ақ биыл «Агроқалашық» тұрғын алабы аумағында Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда сквердің жобасы бекітілді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button