Қала мен Сала

Астанадан ауылға дейін…



Ақтөбе облысы

Ақтөбе қаласында қоғамдық көліктің жолақысы көтерілмек. Енді ол 80-90 теңге болады деп күтілуде. Қазір аймақтағы жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың ұсынысын облыстық мәслихат қарап жатыр.

Алматы облысы

Көксу ауданында роботтандырылған сиыр сауатын жүйе іске қосылды. Бүгінде мұндағы сауын көрсеткіші екі есеге өсіп отыр.

Ақмола облысы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облыстық департаменті «Адал жол – Честный путь» атты марафон ұйымдастырды. Шараға 17 мың тұрғын қатысқан.

Алматы

Былтыр Алматы қаласында 12747 адам гепатит жұқтырған. Оның ішінде 361 науқас жұқпалы дертке алғаш рет шалдыққан.

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданының Подстепный ауылында көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамза Есенжановтың мүсіні ашылды.

Түркістан облысы

Өңірде жазғы демалыс кезінде «Жасыл ел» еңбек жасағына 500-ден аса студент қатысты. Олар аймақтың абаттандырылуына өз үлестерін қосты.

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласында дүкеннен өрт шығып, тілсіз апаттан 30 адам құтқарылған. Оның ал­тауы – балалар.

Қарағанды облысы

Ресейлік НТВ телеарнасындағы танымал «Следствие вели… с Леонидом Каневским» бағдарламасының тобы Қарағандыға келіп, 80-жылдары такси жүргізушілерінің өлімі туралы атышулы қылмыстық іс жайлы деректі фильм түсіруді бастады.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысында жүк по­йызының рельстен шығып кетуіне байланысты жетер жеріне жете алмай қалған 5 пойыздың жолаушылары өтемақы алады. Апат кеше Мойынты-Шығанақ теміржол бағытының Қашқантеңіз-Жастар аймағында болды. Төтенше жағдайға вагондардың бірінің бүйіріндегі рамасының сынуы себеп болған. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button