РуханиятТалайғы тарих

Сақ қорғанынан жәдігерлер табылды

Астана – маңайы тарихи мұраларға бай өлке. Жақында елордадан Қарағандыға қарай шыға берісте Күйгенжар шатқалындағы сақ қорғанына археологиялық жұмыстар жүргізіліп, ол жерден түрлі жәдігерлер табылды.

Игі іс «Рухани жаңғыру» мем­лекеттік бағдарламасының «Қазақстанның қасиетті жерлері» атты арнайы бастамасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ал қазба жұмыстарын Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет және спорт басқармасы мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің К.Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты бірлесіп қолға алды.
Екі апта бойғы зерттеу жұмыстары кезінде қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы жеті зират ашылып, зерттелді. Археологтар тобының мәліметі бойынша қабірлер шамамен  XV-XVI ғғ. тиесілі.

– Олар ислам шариғаты бойынша жерленген. Жалпы, қорымнан қазылған жеті моланың екеуінен әшекей заттар табылды. Оның бірінен қола сырға мен күміс жіп шыққанына қарап, әйел адамның қабірі деген тоқтамға келдік. Ал екіншісі бой­жетіп қалған қыздың зираты болуы керек. Себебі мәйіттің оң саусағынан неке жүзігі табылды, – дейді тарих ғылымдарының кандитаты, К.Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу инс­титутының директоры, археологиялық топтың жетекшісі Марал Хабдулина.
– Бүгінде Астана қаласы аумағында жергілікті маңызға ие 46 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 12-сі – археология­лық ескерткіш. Биыл 4 археологиялық ескерткішке зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр – деді Мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Асқар Қалыбаев.
Зерттеу жұмыстары үшін дәл осы орынның таңдалуына сол маңайдағы ауыл зиратының қорғанға жақындап қалғаны себеп болыпты.

Аян ӘБДУӘЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button