Жаңалықтар

АСТАНАЛЫҚТАР АЗЫҚТАН ТАРЫҚПАЙДЫ



_AVG2776_fkj

Елордада «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 5 млрд теңге бөліп, агроөнеркәсіптік кешеннің 21 бизнес жобасына қаржылай қолдау көрсетілді.

Бүгінгі күнге қалада азық-түлікті өндіру, өндеу және сақтау бойынша он тоғыз жоба іске асырылуда. Олардың арасында көкөніс қоймалары, жылыжайлар және жарма өндіру кәсіпорындары бар. Қазіргі таңда тағы бес көкөніс қоймасы салынып, дәл осындай бес қойма құрылысы жобалану үстінде. Сондай-ақ, екі жылыжайдың құрылысы жүргізіліп, бес жылыжай салу жоспарланған. Аталмыш шаралар азық-түлікті өзге жерден әкелу тәуелділігінен арылтып, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Астанада сауда инфрақұрылымын дамыту есебінен қаланы үздіксіз азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Сол мақсатта өткен жылдың соңында елордада екі сауда-логистикалық орталығы пайдалануға берілген. Бұған қоса, былтыр көпсалалы ірі сауда-логистикалық кешеннің құрылысы да қолға алынған. Бұл жобаны қазақстандық және украиндық кәсіпкерлер іске асыруда. Кешен пайдалануға берілген кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер Астана нарығына делдалдарсыз тікелей шыға алады.

Сондай-ақ, Ақмола облысынан елордаға тасып әкелінетін отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің де мөлшері ұлғаймақ. Қалалық әкімдік өңір шаруаларымен өзара тиімді мәмілелер жасауға мүдделілік танытып отыр. Осыған орай қаладағы ірі сауда орталықтарының азық-түлік белдеуіндегі тауар өндірушілерден ретробонустар мен қосымша алымдар алуларына тыйым салынған. Сонымен қатар, жергілікті билік Ақмола облысының әкімдігімен бірге сол өңір шаруаларын елордада көкөніс қоймалары мен жылыжайларды салу жұмысына тартуды ойластырып қойыпты. Ондай нысандарға бөлінетін жер анықталып, сәйкес келісімдер жасалған.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button