Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ АҚЫЛДЫЛАРЫ



Қазақстандық жас дарындар 21 шілде мен 1 ­тамыз аралығында Латвияда ұйымдастырылған экономикадан IV халықаралық олимпиадасында (International Economics Olympiad, IEO) 3 қола медаль жеңіп алды. Биыл додаға Австралия, Бразилия, Қытай, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ және өзге де мемлекеттерден 44 ұлттық команда қатысты. Қазақстан құрамасынан Данат Кенжеғали, Дана Ерали, Нұрсат Өмірбеков жеңімпаз атанды.

Ал оған дейін 14-24 шілде аралығында қашықтан өткізілген 62-халықаралық математикалық олимпиадада біздің елдің балалары оза шықты. Биыл додаға әлемнің 107 елінен 600-ден астам оқушы қатысты. Нәтижесінде дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Фетуллах Сам 62-халықаралық математикалық олимпиаданың күміс жүлдегері, республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Рауан Қалдыбаев физика пәні бойынша 51-халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Альтаир Ашуров информатика пәні бойынша 33-халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Бисенәлі химия пәнінен 53-халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушысы Нұрсат Өмірбеков экономика бойынша 4-халықаралық олимпиадада қоланы иемденді.

Дарынды бестік ел намысын халықаралық додаларда абыроймен қорғап, көк туымыз­ды желбіретіп жүр. Қазақстан ұлттық құрамасына кірудің өзі оңай емес. Қалалық, облыстық кезеңдерден өтеді, республикалық олим­пиадаларда жеңімпаз болған соң ұлттық құрама командаларға енеді. Осылайша халықаралық додаға ел атынан қатысады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button