Жаңалықтар

АСТАНАНЫҢ ФОТОШЕЖІРЕШІЛЕРІ



ҚР Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Достық жолымен» атты көрме ашылды. Астана әкімдігінің қолдауымен қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған көрмеге әріптесіміз, «Вечерняя Астана» газетінің фототілшісі Василий Крась пен белгілі фотосуретші, марқұм Владимир Куриловтың суреттері қойылды.

Бозбала кезінен фотоөнерге әуестігі оянған ­Василий Красьтың осы салада жүргеніне 40 жылға жуықтап қалды. Ал нақты астаналық ­газеттің фототілшісі қызметін 2004 жылдан ат­қарып келеді. Осы уақыт аралығында оның фотоаппаратының объективіне ілінбеген бас қаладағы нысандар кемде-кем. Сондықтан Астананың Есіл жағасына қонған уақыттан бастап осы күндерге дейінгі қалыптасу кезеңдері фотосуретшінің назарынан тыс қалған емес. Оның жұмыстары сонысымен құнды.
Ал Владимир Куриловтың фотосуреттері елорданың еңселі ғимараттарынан тосыннан түсірілгенімен ерекшеленеді. Оның панорамалық бағыттағы жұмыстарында таңғалдыратын көріністер баршылық. Соның қатарында күндізгі және түнгі Астананың тіршілігі қызықтырмай қоймайды.

Аманғали Қалжанов




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button