Жаңалықтар

ҮЗДІК ЖАРНАМА НАСИХАТТАЛДЫ

«Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Үздік әлеуметтік жарнама» қалалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты  өтті.

Қазір әлем назарын аударып отырған «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі өтіп жатқан кезде қала көшелеріндегі сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтінінің ұлттық тілмен байытылып, сауатты да көркем безендірілуі аса маңызды. Осыған орай, конкурс та басқа қырынан көрініп отыр.
«Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді негізге ала отырып, биыл іс-шараны басқаша ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Мұндағы басты ерекшелік – оған қатысушы жарнама агенттіктері мен компаниялары жылдағыдай өз өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынбады. Керісінше, құрамына қазылар алқасы енген арнаулы жұмыс тобы қаладағы елуге тарта жарнама агенттіктері мен компанияларға барып, шығарған өнімдерімен жан-жақты танысып, сол жерде жұмыстарын бағалады» дейді Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Айгүл Иманғали.
Сонымен, конкурсқа қатысқан қырық үш кәсіп­орынның арасынан – «Астана Көркем», «ЫҚЫЛАС», «ORDA Advertisinc», «BAQorda media», «ЗOOM» және «Профи ДМ» жарнама агенттігі жеңімпаз деп танылды.
Жеңімпаздарға диплом мен ес­керткіш сыйлықтар тапсырылды.

Таңатар Төлеуғалиев

Тағыда

Таңатар Төлеуғалиев

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button