ӘлеуметБасты ақпарат

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ         



Астанадағы «Хан шатыр»  ойын-сауық орталығы маңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Күздің қара суығы үдеп тұрса да, қала тұрғындары жәрмеңкеден әсіресе, азық-түлік өнімдерін көптеп сатып алуда.

zharmengke

Күрең күз басталғаннан бері елордада Тәуелсіздіктің ширек ғасыр тойына арналған  «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты ауқымды шара барысында барлық облыстардың күндері өтіп, соның аясында ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған еді. Ал бүгінгі жәрмеңке де елордамен шектесіп жатқан өңірлер мен іргедегі ауылдардың жеке кәсіпкерлері өндірген  өнімдері саудаланды. Олардың бағасы да соншалықты қымбат емес. Мәселен, жылқы еті – 1 300 теңгеден, ірі қараның еті –1200 теңгеден, қой еті –1250 теңгеден, сәбіз, картоп, пияз, қырыққабат секілді көкөністердің килосы, көтерме бағамен 50- 70 теңге аралығында саудаланды. Одан бөлек, күнделікті қажетті азық-түліктердің  құны да қолжетімді екендігін байқадық.

Күннің суығына қарамастан түске таман жәрмеңкеге келушілердің қатары көбейді. Елордалықтар жергілікті өнім болғандықтан ба, барлық азық-түлік тауарларды молынан сатып алды.

«Бүгінгі жәрмеңке маған ұнап тұр. Бағалары да қымбат емес. Әсіресе, көкөністердің құны арзандау екен. Бір қап картоп, бір қап жуа, бір қап сәбіз алдым. Қыс жақындап қалды. Соған дайындалып жатырмыз» дейді елорда тұрғыны Нұрлан Ақым деген ағамыз.

А.ҚҰСАЙЫН

 

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button