Ел тынысы

Азия чемпионатында финалдағы қарсыластар анықталды

Астана қаласында бокстан өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2024 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталған жас ерекшелігі бойынша еліміздің ерлер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Құрлықтық дода финалында 13 спортшы шаршы алаңға шығады.

Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан – 5, Үндістан – 4 боксшыдан қосса, Моңғолия, Тәжікстан, Ауғанстан және Қытай бір-бір спортшысына үміт артады.

48 келі. Вишванат Суреш (Үндістан) – Ернар Қарап

51 келі. Асылбек Жалилов (Өзбекстан) – Кенже Мұратұлы

54 келі. Энсайхан Оюн-эрдене (Моңғолия) – Нұрсұлтан Алтынбек

57 келі. Ерболат Сабыр – Нихил (Үндістан)

60 келі. Рамиш Горха (Үндістан) – Руслан Күзеубаев

63.5 келі. Ерасыл Таңқай – Абдулло Мадаминов (Өзбекстан)

67 келі. Ернұр Сүйінбай – Малик Прит (Үндістан)

71 келі. Сабыржан Аққалықов – Довуд Махамов (Тәжікстан)

75 келі. Жавохир Умматалиев (Өзбекстан) – Диас Молжігітов

80 келі. Ализада Қайс (Ауғанстан) – Ерасыл Жакпеков

86 келі. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) -Самандар Жалолов

92 келі. Бекнұр Батырбек (Қазақстан) – Ризабек Ашан (Қытай)

92 келіден жоғары. Жахонгир Зокиров (Өзбекстан) – Аманат Сабырғали

Ал, аталған жастағы қыздар арасында финалда Қазақстаннан – 10, Үндістаннан – 8, Өзбекстаннан – 5, Қытайдан – 1 боксшы бас жүлдені сарапқа салады.

50 келі. Гүлнар Тұрапбай – Таманна (Үндістан)

52 келі. Феруза Казакова (Өзбекстан) – Анита Адишева

54 келі. Прити (Үндістан) – Элина Базарова

57 келі. Әнел Сақыш – Пунам (Үндістан)

60 келі. Аягоз Майхесути (Қытай) – Шахназ Исаева

63 келі. Анар Тұрсынбек – Прачи (Үндістан)

66 келі. Айсанем Саруарова (Өзбекстан) – Ақнар Ишанова

70 келі. Санех (Үндістан) – Жасмин Қизатова

81 келі. Акрам Патан (Үндістан) – Диана Мағауияева

+81 келі. Диорахон Абдуманнобова (Өзбекстан) – Елдана Талипова.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Элина Базарова Азия чемпионатында қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шыққан болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button