Жаңалықтар

Бағыты анық бағдарлама



Жыл басынан бері Нұр-Сұлтаннан Екібастұз қаласына 103 көпбалалы отбасы қоныс аударып, 600-ден астам адам жаңа жерде қоныс тойын тойлады. Жұмысқа қабілетті ересектердің 80 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бұл елімізде кең өріс алған «Еңбек» бағдарламасының аясында жүзеге асты. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, бұл бағдарлама бойынша солтүстік өңірге 4000 адам қоныс аударып, оның 65 пайызы жұмысқа орналасты.
Айта кетер болсақ, Павлодар облысында «Nurly Ertis» жобасымен Екібастұзға елордадан көшкендердің балаларын балабақшаға тегін қабылдап, мектеп киімі мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Мектеп жасындағы 11-сыныпқа дейінгі балаларға тегін тамақ беріледі. Отбасындағы ересектердің біріне көліктік жол билеттері беріліп, алған пәтерін бес жылдан кейін бастапқы жарнасыз-ақ жекешелендіру қарастырылған.
«Бұл бағдарлама тиімділігін көрсетті. Осы жылдың аяғына дейін Нұр-Сұлтан қаласынан тағы да 200-ден астам адамды Екібастұз қаласына көшіру жоспарлануда» деді Ержан Жылқыбаев.
Оның мәліметінше, биыл Солтүстік Қазақстан облысына 428 үйдің құрылысына жұмсалатын 3 млрд теңге аударылған. Қоныс аударған отбасы мүшелеріне бір реттік (35 АЕК) 88 мың теңге төлемақы беріледі.




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button