Білім

Байқауда бақ сынады



Елордадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Сөз шебері» атты қалалық жүргізушілер сайысының ақтық сыны өтті. Фестиваль-байқаудың негізгі мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу, мерекелік іс-шараларды жүргізетін жастарды анықтау.

[smartslider3 slider=726]

Байқаудың іріктеу турына елордалық 50-ден астам білім беру ұйымдары қатысты. 20 лайықты қатысушы екінші турдың финалистері атанды. Олар: №66, 32, 37, 82, 60, 50, 30, 72, 59, 86, 40, 47, 89, 54, 87, 80, 23, 28, 71, 15 білім беру ұйымдары.

Сайыс үш креативті тапсырмадан тұрды: «Мен жүргізуші боламын» таныстырылым бөлімі, «Тәуелсіздік – ұлы ұғым!» атты Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған репортаж, экскурсия және сұхбат және т.б. форматтағы бейнероликтер, финалистердің дефиле-шеруі өтті. Қазылар алқасының құрамына «Балапан», «Хабар», «Ел арна» телеарналарының өкілдері, «Қазақ радиосы», «Шабыт» ҚазҰӨУ, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мамандары кірді. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде №59 мектеп-лицейінің оқушысы Мәдениет Амиров пен №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Арина Подлеснаяға бұйырды.

 


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button