Жаңалықтар

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ



«Балалар әдебиеті жылы» аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармаларға «Ертөстік» әдеби байқауын жариялады.

Балалар мен жасөспірімдерге арнап жазатын талантты қаламгерлерді анықтау, лайықты марапаттау, қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға материалдар келесі жанрлар бойынша қабылданады:

• Проза жанры бойынша: хикаят, әңгімелер, балалар детективі, фэнтези (40 беттен аспауы қажет);• Балаларға арналған өлеңдер: тақпақтар, баллада, поэма, толғау (5-15 беттен аспауы керек);
• Балаларға арналған шығармалар иллюстрациясы;
• Балаларға арналған ертегілер (20 беттен аспау керек).

Байқауға қатысатын шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс. Поштаға келіп түскен шығармалар Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының онлайн-байқау бөлімінде жарияланып отырады.

Жеңімпаздар қазылар алқасының дауыс беруімен анықталады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 қыркүйек күні елордадағы Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді. Жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтетін орынға жету шығындарын қатысушы өз мойынына алады.

Жұмыстарды байқауға ұсыну ұйымдастыру комитетінің qalamgerkz@gmail.­com ­электронды адресіне хат жолдау арқылы жүзеге асады. Қатысушы өзінің жұмысымен бірге шығармашылық өмірбая­ны әрі жеке фотосын қосып жіберу керек.

Байқауға келген шығармалардың әдеби жанрға сәйкестігі қатаң сақталады, публицистика, деректі мәліметтер араласқан микс шығармалар байқауға қатыс­тырылмайды.

Әдеби шығармаларды қарау барысында олардың әдеби-көркемдік құндылығы, мазмұнның бірізділігі, жазба тілінің айқындылығы мен образды суреттеу тәсілдері есепке алынады.

Автор өз шығармаларын байқауға жолдай отырып, байқау қорытындысы шыққанға дейін шығармасын жарыққа шығаруға тыйым салынады. Жүлдегер шығармалар «Алтын сақа» баспасынан жинақ болып шығады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button