Ел тынысы

Бангкокта қазақтың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілді

«Наурыз» апталығын өткізу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі «Наурыз» мерекесі қарсаңында дипломатиялық корпус үшін қазақ дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара Шығыстағы ең көне мерекелердің бірі – еліміздің тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған «Наурыз» мерекесінің пайда болуы туралы баяндайтын тұсаукесерден басталды.

Мереке қонақтары «тұсау кесу», «шашу» сияқты түрлі мерекелік әдет-ғұрыптармен және «Наурыз қоржын» сыйлық беру дәстүрімен танысты. Сонымен қатар, безендірілген киіз үйде қонақтар ұлттық киімдер киіп, домбыра ұлттық аспабында ойнады және қазақ ұлттық тағамдарының дәмін татты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button