Sport

БАҚ өкілдері бақ сынады



Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Астанада шағын футболдан турнир өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары командалары бақ сынаған доп додасы Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті.

Дәстүрге айналған бұл турнирді ұйымдастыруға Астана қаласының әкімдігі мұрындық болды. Жарыстың қорытындысы бойынша, жеңімпаз Ақпарат және коммуникация министрлігінің «ЦАИ» командасы атанса, екінші орынды «Хабар» телеарнасы, үшінші орынды «Егемен Қазақстан» газеті алды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button