Жаңалықтар

БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ



IMG_5720

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздік пен қаладағы қылмыс деңгейін төмендету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесте Астана қаласы Ішкі істер департаментінің өткен жылдағы және 2014 жылдың төрт айындағы қызметінің барысы мен нәтижелері туралы елордалық полиция басшысы генерал-майор Амантай Әубәкіров баяндама жасады. Егжей-тегжейлі баяндамадан соң қала басшысы қазіргі заманғы технологияларға, соның ішінде полицейлердің жұмысын бірнеше есеге жеңілдететін және қылмыстарды ашу тиімділігін арттыратын бейнебақылау жүйелеріне ерекше көңіл аудару керек екендігін атап өтті. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларын айналып өтіп, жолсыз жермен жүріп, қалаға кіріп, жол төсеміне айтарлықтай залал келтіретін жүк таситын үлкен көліктерді бақылауды күшейтуді тапсырды.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button