Елорда тынысы

Барлық тұрғынға қолайлы болуы керек



Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ерекше қажеттілігі бар жандармен кездесті. Онда оңалту орталықтарының желісін кеңейту, медициналық көмек көрсету, қалалық орта мен қоғамдық көліктің қолжетімділігі, инватакси қызметтерімен қамтамасыз ету, мүгедектер арбасын сатып алу және тағы басқа мәселелер талқыланды. Бұл туралы қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қала тұрғындардың өмір сүруі үшін қолайлы болуы керек. Біз осы мақсатта ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бағытта атқаратын жұмыс­тарымыз көп. Кездесуде оңалту орталықтарының желісін кеңейту, медициналық көмек көрсету, қалалық орта мен қоғамдық көліктің қолжетімділігі, инватакси қызметтерімен қамтамасыз ету, мүгедектер арбасын сатып алу сияқты өзекті мәселелерді талқыладық» деп жазды қала әкімі.

Жеңіс Қасымбек медициналық ұйымдар мен инватакси санының артуы – бұл жүйелі мәселелердің бірі екеніне тоқталды. «Мәселен, жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар (оның ішінде оңалту орталықтары да бар) ашамыз. Сондай-ақ биыл инватакси санын 2 есе арттырдық. Дегенмен бұл да жеткіліксіз. Сол себепті ерекше қажеттілігі бар қала тұрғындарымен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарға жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз. Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды» деді қала басшысы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button