Жаңалықтар

Baroque Opera Gala концерті



 «Астана Операның» жетекші солистері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігімен Камералық оркестр және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітовтың басқаруындағы хор тыңдаушылар назарына барокко дәуірінің опералық жауһарларын ұсынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кешке танымал вокалистер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Жәмиля Жарқымбаева, Бибігүл Жанұзақ, Жан Тапин, халықаралық байқаулардың лауреаттары Татьяна Вицинская, Ержан Саипов, Батыржан Смақов қатысады. Олармен бірге керемет аспапшы музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары Әнел Шәкірова, Дамиля Махпирова, Рахматали Бекбабаев (гобой), Әсет Нелдібаев (фагот), Алексей Косырев (флейта) өнер көрсетеді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button