SportЖаңалықтар

«БАРЫС АРЕНАДА» РЕКОРД ЖАҢАРДЫ



Елордалық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Ресейдің Магниторск қаласынан келген «Металлург» командасын қабылдады. Матч айдын иелерінің басымдығымен аяқталды.

1e903738ea76b6daa0a8ccfaf1d69732

Эдуард Занковец, «Барыс» командасының бас бапкері:

– Бүгін сәттілік біздің жағымызда екенін бірінші таймда-ақ аңғартты. Көп жерде біздің жолымыз болып кеткенімен, негізінде біз бұл матчқа тас-түйін дайын
болдық. Әрине, қарсылас оңай шағы­ла­тын жаңғақ емес. Екінші және үшінші айналымдарда жігіттерге қиынға соқ­қанын білемін. Қақпашы бірнеше қауіпті сәттерде салқынқандылық таныта білді. Баршаңызды бүгінгі жеңіспен құт­тықтағым келеді.

«Барыстың» жігіттерін айдынға Брэндон Боченскидің орнына Найджел Доус бастап шықты. Ол нағыз көшбасшы екенін алғашқы айналымда-ақ дәлелдеп тастады. Ойын басталысымен бір минутқа жетпей есепті ашқан Доус ә дегеннен хет-трик авторы атанды. Бұл – оның ҚХЛ-дағы сегізінші хет-тригі және жаңа рекорд. Оның артынан келе жатқан, жеті хит-трик жасаған хоккейші Сергей Мозякин «Металлургтің» намысын қорғайды. Сондықтан бұл матчта екеуінде де рекорд жаңартуға мүмкіндік болды. Ал бірінші айналымдағы тағы бір шайбаны Никита Иванов салды.
Ал екінші айналымда беске үш ойыншымен қарсы ойнаған «Барысқа» Гагарин кубогының қазіргі иегерлері екі гол салып үлгерді.
Үшінші айналымда есеп тағы бір голға қысқарды. Жоғарыда айтқан Мозякин ақыры бір голымен ерекшеленді. Есеп 4:3-ке жетті. Жеңістің тайып бара жатқанан сезген «Барыстың» жігіттері бесінші шайбасын салып, алға айқын басымдықпен шықты.
Енді астаналықтардың келесі қарсыласы – омсктік «Авангард». Кездесу 28 желтоқсан күні «Барыс Аренада» өтеді.

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button