Басты ақпарат

Басты басымдық – халықтың әл-ауқатын арттыру



«Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл­ғы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалуына қоғамдық бақылау орнатады деп мәлім етті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Қазақстан-2050» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы отырысында. Ал ҚХА мүшелері жолдауға байланысты үндеу жариялады.

Мақсаты биік әлеуметтік құжат

«Біз Мемлекет басшысы Жолдауда жария еткен идеялар мен тапсырмаларды халыққа жай ғана түсіндіріп қоймай, Президенттің идеяларын жүзеге асыруға белсенді араласуға міндеттіміз. Әсіресе, сол идеялардың іске асырылуына тиімді қоғамдық бақылау орнатамыз. Сол себеп­тен еліміздегі басқа саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйым­­дармен қоян-қолтық жұ­мыс істеуді жоспарлап отырмыз» деді М.Әшімбаев. Партия төрағасының бірінші орынбасары Президент Жолдауындағы жаңа мүмкіндіктерді қарапайым халыққа дұрыс түсіндіру керек­тігін қадап айтты. «Мәселен, Елбасы баспанасы жоқ адамдар «7-20-25» бағдарламасына бел­сенді түрде қатысуы үшін бұ­қараға оның талаптарын кө­бірек түсіндіруді тапсырды. Бас­панасыздар мәселесін шешу үшін қосымша жеңілдіктер ұсынылады. Атап айтсақ, бюджет саласының қызметкерлеріне алғашқы жарнаға өтемақы бе­ріледі. Яғни Мемлекет басшы­сының Жолдауындағы осындай ұсыныстарды қарапайым халыққа жеткізу – біздің міндетіміз» деп атап өтті.
Оның пайымдауынша, бұл жол­ғы Жолдау – нақты бір мақ­саты бар әлеуметтік құжат. Осы құжатта қазақстандықтар күн сайын талқылайтын мә­селелерді шешу жолдары көр­сетілген. Олардың қатарына халықтың табысын өсіру, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы, та­биғи монополиялардың қыз­метіне тарифтерді шектеу, қол­жетімді баспана, қоғамдық қа­­уіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Ең бастысы, Елбасының Жолдауында қазіргі таңда көп­теген қазақстандықтарды алаң­датып отырған бірқатар мәсе­лелерді шешудің нақты жолдары көрсетілген.
Сонымен қатар, М.Әшімбаев еліміздегі барлық саяси күш­тер Мемлекет басшысының ст­ра­­тегиялық бастамаларын қолдайтынын жеткізді. «Де­­­мократиялық күш­тердің жалпыұлттық коали­циясының бүгінгі отырысы барлық ма­ңызды қоғамдық-саяси күштер стратегиялық құ­жатта көрсетілген идеялар мен ұсыныстарды то­лығымен қол­дайтынына дәлел бола алады» деп түйіндеді сөзін партия төр­ағасының орынбасары.

Нақтылық пен сенім

Қазақстан халқы Ассамблея­сының мүшелері Жолдаудың әрбір тармағы халықтың өмір сүру сапасы мәселелерін ше­шудегі сенімділік пен нақ­ты­лыққа толы екеніне назар аударды. «Елбасының Жолда­уын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының бас­ты міндеті – бейбітшілік пен келісім тұрақтылығын қам­та­масыз ету. Өйткені жаңа Жол­даудың ерекшелігі – қа­зақ­стандықтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арт­тыруға нақты бағытталған. Жол­­­даудың басты басымдығы – қа­­зақстандықтардың әл-ау­қатын арттыру. Жалпы, Жол­даудың ерекше мән беретін бірқатар ерекшеліктерін атап өткен жөн» деп мәлімдеді Қа­зақ­­стан халқы Ассамблеясы төр­ағасының орынбасары Леонид Прокопенко ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысында сөй­леген сөзінде.
Ол Мемлекет басшысының «Пе­дагог мәртебесі туралы» заң­ды дайындау және қабылдау жөніндегі тапсырмасына ерекше тоқталды. «Мен шын жүректен ҚХА кеңесінің атынан еліміздің барлық педагогтарын осы тамаша сыйлықпен құттықтаймын!» деді Л.Прокопенко.
Кеңестің соңында ҚХА үн­деуі жарияланды. Онда Ассам­блеяның тарапынан Жолдауды жүзеге асыруға бай­ланысты нақ­ты қадамдар жарияланған.




Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button