Шаһар шежіресі

Батырлар кездескен кез



1970 жылы бүкіл Кеңес Одағы халықтары неміс-фашист басқыншыларын талқандаудың 25 жылдығын атап өтті. Жер-жерде Ұлы Отан соғысының ардагер жауынгерлерімен кездесу кештері өтті.

Ұлы Жеңістің ширек ға­сырлық торқалы тойы қарсаңында Целиноград қаласында Ақмола өңірінің тумалары, ел бағына туған қаһарман батырлармен арнаулы орта оқу орындары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері кездесті. Басқосуда батырлар: Майбалық ауылының тумасы, Калинин майданындағы Ржев қаласының түбінде, Воронеж, Степной 2, Украина І майдандарында жаумен айқасқа түскен қайсар ұшқыш, 144-гвардиялық шабуыл авиация полкінің эскадрилья командирі, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов, Ақтөбе (қазіргі Рахымжан Қошқарбаев ауылы) ауылының тумасы, 150-атқыштар дивизиясында взвод командирі болып, Беларусь, Польша, Германияны азат етуге қатысқан, Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы Рақымжан Қошқарбаев, Ақкөл ауданының тумасы (бұрынғы Алексеевка), Краснодар өлкесін, Украина, Молдавия, Батыс Белоруссия, Польшаны азат етуге қатысқан 301-атқыштар дивизиясы 1052-атқыштар полкі пулемет ротасының командирі, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетов соғыс кезіндегі «тар жол, тайғақ кешуге» толы жауынгерлік өмірін баяндап берді. Кездесу әсерлі өтті, ақмолалық батырлардың ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып таралды.

Сурет 1970 жылы Жеңіс­тің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында түсірілген.

Ғазиза ИСАХАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button