Мәдениет

«Бейбарыс» операсын ұсынады



23 ақпан күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрі композиторлар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов пен Арман Жайымның екі актілі «Бейбарыс» операсының концерттік нұсқасының премьерасын ұсынады.

Операны жазу идеясын 2003 жылы Айтқали Жайымов ұсынды. Арман Жайым қатысқан туындының алғашқы нұсқасы 2007 жылы шықты. Материал бойынша жұмыс кейінгі жылдары да жалғасты.

Либретто авторлары – көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет пен күйші-композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов.

Операның концерттік нұсқасына камералық хор (көркемдік жетекшісі және бас дирижері

– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамова), «Шалқыма» халық би ансамблі (көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдірасул Есекеев), Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің би тобы (көркемдік жетекшісі Эльмира Баққали), Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би тобы (көркемдік жетекшісі Әлішер Мұхатаев) қатысады.

Опера партияларын филармонияның классикалық вокал бөлімінің солистері орындайды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button