Құқық

Бейбіт күннің батыры



ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полициясының қызметкері Арман Балтабаев алты жасар баланың жоғары қабаттан құлауына жол бермеді.

Оқиға биыл 20 маусым күні Астана қаласында болды. Сағат 16:47 кеткенде жедел басқару орталығына Қобыланды батыр көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің терезесі алдында екі баланың ойнап жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Тез арада оқиға орнына полиция аға лейтенанты Азамат Балтабаев пен сержант Тимур Шындәулетов жетеді.

«Бізден кейін артынша Төтенше жағдайлар департа ментінің қызметкерлері келді. Біз көлік сатысы арқылы жоғары қабатқа дереу көтеріліп, үйге кірдік. Үйде 8 және 6 жастағы екі бала бар екен. Оларды ата­аналары құлыптап кетіпті. Терезе алдына мініп-­түсіп ойнап жүргенін куәгерлер көрген. Тағы қай таламас үшін екі баланы да киін діріп, терезе арқылы сатымен төменге алып түстім» дейді ол.

2013 жылдан бері осы салада еңбек етіп келе жатқан Азамат бұдан бір жыл бұрын Франция азаматы Жорж Киеффермен бірге ер адамның суға батып кетуіне де жол бермей, аман алып қалғаны белгілі. Әріптестері арасында бейбіт күннің батыры атанған полиция аға лейтенанты «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында бұл жай ғана қызметтік міндеті екенін айтып ақтарылды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button