Басты ақпаратҚұқық

Сап түзеген сақшылар

«Астана» концерт залында елордалық полицейлер кәсіби мерекесін атап өтті. Ел тыныштығы мен қауіпсіздікті сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларын құттықтауға қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов арнайы келді.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің басшысы, полиция генерал­майоры Марат Қожаев полицияда қызмет ету әрқашан батыл, игілікке жақын, жамандыққа жаны қас азаматтардың міндеті екенін айта келе, қызмет барысында көзге түскен бір топ қызметкерлердің шенін көтеріп, арнайы алғыс хатпен марапаттады. Сондайақ департамент басшысы ішкі істер органдары ардагерлеріне және қызмет бабында қайтыс болған қызметкерлердің еңбегіне, батырлығына ілтипат білдіруді де ұмытпады.

Салтанатты жиын соңы эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертке ұласты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button