Ел тынысы

Мәмбетов көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ә. Мәмбетов көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 6-8 мамыр аралығында Ә. Мәмбетов көшесінің Кенесары көшесінен Бұқарбай батыр көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды, сондай-ақ жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарау сұралады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button