Саясат

Елді елең еткізген [23 маусым]

ТУРИСТЕР ҮШІН ЕҢ ҚАУІПТІ ЕЛ – ТАИЛАНД

Британиялық Endsleigh Insurance Services қамсыздандыру компаниясы әлемдегі қауіпті бағыттарды анықтады.

Компанияның мәліметтері бойынша, 2017 жылы туристерге қатысты қорқынышты оқиғалардың ширек бөлігіне жуығы (23%) Таиландта орын алған.

Қауіптілік кеспірі жағынан екінші және үшінші орындарды Чили мен АҚШ бөлісіп отыр. Бұл елдердегі қорқынышты жағдайлар 15 пайызды құрайды. Ал Испания, Германия, Непал және Перу мемлекеттерінде ол 8 пайыздан қайырылады.

Зерттеу саяхаттардағы барлық қамсыздандыру шығындарының төрттен үшке жуық бөлігі (71%) шұғыл медициналық көмек көрсетумен байланысты екенін анықтады. 

ЛАТВИЯ ОРЫС ТІЛІНЕ ӨШТЕСІП ТҰР

Латвия сеймі бейсенбі күні жеке жоғары оқу орындары мен колледжде орыс тілінен сабақ беруге тыйым салды.

Еуропарламенттің депутаты және Латвиядағы Орыс одағының тең төрағасы Мирослав Митрофанов бұл тыйымның билік республикадағы орыс тілі мен мәдениетіне қатысты нәрселердің бәрін жоймай тоқтамайтынын көрсететінін айтты.

«Аң тоқтамайды, ол орысқа тиесілінің бәрін қиратып, соңына түседі, сөйтіп, университеттерде орыс тілін оқытуға ты йым салудан бастап, орта мектептерде орыс ті лінен сабақ беруге дейін түгел жояды» деді ол.

Саясаткер жағдайды тек қана бейбіт жолмен жасалатын шерулер, жаппай көшеге шығулар арқылы ғана шешуге болатынын баяндады. «Бұл жағдайда халықаралық ұйымдарға шағым айту жеткіліксіз» деді саясаткер.

ТРИБУНАЛ ПОРОШЕНКОҒА ҚАТҚЫЛ ТИДІ

Луганскіде өткен Украин халық трибуналының отырысы Петр Порошенконы өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті.

Трибунал Украина президентін Донбастағы әскери қылмыстарға тікелей жауапты деп тауып, оған сырттай осындай үкім шығарды. Отырыста бұдан бөлек, Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов, Жоғарғы раданың спикері Андрий Парубий, Қорғаныс министрі Степан Полторак және Қарулы күштер бас штабының бастығы Виктор Муженко, сондай­ақ бұрынғы премьер-­министр Арсений Яценюк пен қазіргі іс басындағы үкімет басшысы Владимир Гройсман әскери қылмыскерлер деп табылып, барлығы да өмір бойы түрмеде отыру жазасына сырттай тартылды.

Бұл – екінші отырыс. Біріншісі 26­27 наурызда Донецкіде өтті. Онда трибунал украин билігінің президент бастаған 8 лауазымды тұлғасына айып тақты. Ол әскери қылмыстың айғағы ретінде 2014 жылдан бері жиналған материалдарды ұсынды.

Серік ПІРНАЗАР

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button