Жаңалықтар

Қарызыңды төлесең – шетелге барасың

Халыққа есеп берген Әділет министрі Марат Бекетаев шетелге шығатын қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықты жария етті. Ол заң бойынша шетелге шығуға шектеуді алып тастауға үш күн ішінде рұқсат берілетінін мәлімдеді.

«Егер шетелге шығатын адам салық бойынша барлық қарыздарын төлесе, сот орындаушылары үш жұмыс күні ішінде шектеуді алып тастауы қажет. Яғни, барлық қарыздар төленсе де, апталап шектеу алынбаған жағдайлар да кездесті. Бұдан былай, үш күнде шектеуді алып тастамаған сот орындаушының өзіне санкция салынады» деп түсіндірді мәселенің мәнісін министр.

Қазіргі кезде сот шешімдерін орындау шаралары басталғанда қарыз болған адамға хабар жіберіледі. Яғни, ол өзінің қарызына қатысты тиісті шаралардың қолға алынғанын біліп отырады. «Бұрын бұл да түйткілді мәселе еді. Азаматтар ескі мекенжайлары бойынша жылжымайтын мүлікке қарызының жиналып қалғанын білмей жүре беретін. Әуежайға барып, шетелге ұшуға төлқұжатын тексерткен кезде бірақ білетін­ді» деп атап өтті Марат Бекетаев. Расында да, бұрын сот орындаушылары шектеуді қай уақытта алып тастайтынын өздері шешіп келді. Айта кетелік, 4 мыңға жуық салығын төлемеген қазақстандықтарға шетелге шығуға шектеу қойылған болатын.

Сот орындаушылардың қызметіне қатысты заң жобасы Парламенттің қарауында жатыр. Сол жобада сот орындау шылардың қызметіне санкция салуды алып тастау туралы ұсыныс бар. Марат Бекетаев сот орындаушылар институтын дамыту жұмыстары одан әрі жалғасатынын жеткізді. Министрдің айтуынша, заң жобасында сот орындаушыларын жауапкершілікке тарту тетіктері де қарас тырылған. Өкілеттіктердің біраз бөлігі соттан сот орындаушылардың құзырына беріледі. Ведомство басшысы сот орындаушылардың қызметін цифрландыру бағытындағы іс­шаралар да белсенді жүргізіліп жатқанын айтты. Мысалы, қазір жылжымайтын мүлікке электрондық форматпен тыйым салынады.

Төлен ТІЛЕУБАЙ

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button