Ел тынысы

Байқоңыр ауданында өрт болды

Астанада Байқоңыр ауданының Жетісай көшесінде орналасқан бір қабатты жатақхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды https://astana-akshamy.kz/

Өрт орын алған нысанда электр қуаты сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 12 бөлмесі бар жатақхананың тұрғындары өздері эвакуацияланған.

Өрт орнында 26 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына тұрғындарды жылытуға арналған автобус жіберілді.

Өрт сөндірушілер жатақханадан 15 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт 22:38-де оқшауланып, 01:01 сағатта 160 шаршы метр аумақты шарпыған тілсіз жау жойылды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button