Жаңалықтар

Бірыңғай жиынтық төлем



Барлық қазақстандықтардың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) қатысып, әлеуметтік төлемдерді алуға мүмкіндігін арттыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізуді ұсынуда.

Құзырлы ведомство салықтық, әкімшілік-құқықтық шаралар кешенін қарастыратын заң жобасын дайындап, биыл қыркүйек айында Мәжіліске ұсынбақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлады.
Оның пайымдауынша, бір­ыңғай жиынтық төлемді енгізу тіркеу жұмыстарын оңайлатуға және салық мөлшерлемесін жеңілдетуге жол ашады, МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді алуға, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеу­меттік төлемдерді тағайын­дау­ға мүмкіндік береді. Министрліктің жоспарлағанындай, БЖТ-ның мөлшері қала тұрғындары үшін бір айлық есептік көрсеткішті, ауыл тұрғындарына 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Осылайша, түскен ақшаның 10 пайызы – жеке табыс салығына, 20 пайызы – мемлекеттік міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына, 30 па­йызы – зейнетақы төлемдеріне және 40 пайызы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша, БЖТ-ны енгізу нәтижесінде еліміздегі 500 мыңнан аса өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер көлеңкеден шығады.




Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button