Ел тынысы

Бүгін ШЫҰ мемлекеттерінің хатшылары Астанада бас қоспақ



2-3 сәуір күндері Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 19-шы кездесуі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстанның төрағалығымен өтетін жиынға ұйымға толыққанды мүше мемлекет ретінде алғаш рет Иран қатысқалы отыр. Ұйымның бақылаушы мемлекеттері – Моңғолия мен Беларусь қонақ ретінде шақырылды.

Осы кездесу шеңберінде Ұйымның жауапкершілік аймағының өзекті халықаралық мәселелері бойынша, оның ішінде «үш зұлымдық күштеріне» (терроризм, сепаратизм, экстремизм), есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа бірлесе қарсы тұру және халықаралық ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты көпжақты бірлестіктер шеңберіндегі одан әрі әрекеттестік бойынша пікір алмасу жоспарлануда.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Ұйымға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу хаттамасына қол қою жоспарлануда, онда мүше мемлекеттердің өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша көпжақты әріптестікті одан әрі дамытуға ортақ көзқарастары көрсетілетін болады.

Алдағы кездесу тұтастай алғанда қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы өңірлік әріптестікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді және ШЫҰ шеңберіндегі Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығының деңгейін арттыруға, сондай-ақ өңірдегі негізгі әріптестермен сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы тығыз саяси диалогқа бағытталған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button