Ел тынысы

Астанада 18 градусқа дейін күн жылынады

Синоптиктер осы аптадағы Астана қаласындағы ауа райы болжамын ұсынып отыр, деп хабарлайды astana-a

Мәселен бүгін күн ала бұлтты болады. Ауа температурасы шамамен 2°C-қа жеткенімен, -2°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 4°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 0°C деңгейіне дейін түседі.

3 сәуірде күн ашық болмақ. Орташа ауа температурасы 5°C болғанымен, 2°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 10°C-қа дейін көтеріліп, түнде -1°C-қа дейін түседі.

4 сәуір күні синоптиктер Астанада күн ашық болады деп болжап отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі 10°C болғанымен, 8°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 15°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 3°C-қа дейін түсуі мүмкін.

5 сәуір – күн ақша бұлтты. Орташа тәуліктік температура 12°C болғанымен, 11°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 17°C-қа дейін ысиды, ал түнде 7°C-қа дейін суитын болады.

6 сәуірде күн ала бұлтты болады деп күтіледі. Ауа температурасының орташа деңгейі 12°C болғанымен, 11°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы 17°C болса, минималды температура – 7°C.

7 сәуір күні синоптиктер болжамы бойынша жаңбыр болады. Орташа ауа температурасы 13°C болғанымен, 12°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы 18°C-қа дейін көтеріліп, түнде 8°C-қа дейін түсуі ықтимал.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button