Елорда тынысы

Пайдалы 15 минут

Елорданың Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-­лицейінде «Пайдалы 15 минут» айдарымен үнемі жүздесу жүргізіліп отырады. Оқушылар арасында қызығушылық тудырған бұл жобаны аталмыш мектептің география пәні мұғалімі Айнұр Мырзағұл ойлап тапты.

Қалалық №37 мектеп-лицейдің 5-сынып жетекшісі Айнұр Мырзағұл «Пайдалы 15 минут» айдарын оқушыларымен жүйелі түрде өткізіп отырады. 2018 жылы мектепке жас маман болып келген ұстаз еңбек өтілін әлеуметтік педагог, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарынан бастаған. Биылғы оқу жылынан бастап өз өтініші бойынша сынып жетекшілік қызметті атқарып келеді.

«Сынып жетекші болып, бала тәрбиелеуде шынайы бір нәтиже көрсеткім келді. «Пайдалы 15 минут» құндылық жобасы мені өзгерткен жоба деп айтсам артық емес. Оқушыларға тәрбие мен білімді шын ниетіңмен, жақсы көре отырып берсең, қалаған нәтижеге жетуге болады. Балалардың оқуға деген құштарлығын ояту үшін олардың деңгейіне түсіп, бірге ойнап, күлу және шынайылық таныту маңызды» дейді Айнұр Русланқызы.

2 жылдан бері «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасына жетекшілік жасаған ұстаз «Пайдалы 15 минут» айдарын қыркүйек айынан бері өз тәжірибесінде жүзеге асырып қана қоймай, нәтижесін көрсетіп келеді.

– Айнұр Русланқызының «Пайдалы 15 минут» айдары – қызықты әрі пайдалы жоба. Қазіргі таңда мектеп оқушылары түгел қатысады. Үлкен үзілістегі 15 минутты пайдалы өткізу қазіргі таңда балаға да, сынып жетекшілерге де ұнайды. Асханаға да, кітапханаға да барып-келіп жататын оқушылар өз достарымен бірге өткізетін «Пайдалы 15 минутқа» да үлгеріп жатады. Атауы 15 минут болғанмен, оның жарты уақыты оқушылардың жеке қажеттілігіне жұмсалып жатса, 5-7 минуты аталмыш пайдалы әрекетке жұмсалуда» деді мектеп директоры Гүлжан Төлеуова.

Әртүрлі форматта, платформаларда өтетін ойындар мен іс-шаралар оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында ұйымдастырылып келеді. Айнұр Русланқызы балалармен бірге үлкен үзіліс уақытында зияткерлік іс-шаралар, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізді дәріптейді, тіпті кітап оқуды да әдетке айналдырды. Ең бастысы, жасалып жатқан жұмыс­тар оқушылардың көңілінен шығып, қызығушылығын арттыруда.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button