SportЖаңалықтар

Бүгін «Астана» – «Атлетико»



g1

УЕФА-ның Чемпиондар лигасының топтық турнирінің төртінші турында «Астана» кәрі құрлықтағы атақты командалардың бірі   «Атлетико»  командасын қабылдайды. Матч бүгін кешкі 21.00-де «Астана Арена» стадионында басталады.

Қазақстан чемпионы үшін бұл топтық турнирдегі төртінші ойын болмақ. Осыған дейін астаналықтар  сырт алаңда «Бенфика» және «Атлетико» командаларына жол берсе, Астана төрінде  Стамбұлдың «Галатасарай» командасымен тең түскен еді.

Енді, міне,  қарымта ойындардың кезегі келді. Кеше бас бапкер Станимир Стойлов пен Роджер Каньяс баспасөз мәслихатын өткізді. «Астана» бұл ойында «Атлетиконың» атағынан да, футболшыларының атынан да  қорықпайды. Біздің жігіттердің бәрі де қайралып тұр. Жанкүйерлеріміз үшін жақсы ойын көрсетуге барымызды саламыз» деді бас бапкер. «Мен өзімнің атымды да, «Астана» командасының даңқын да тарихта қалдырғым келеді. Сол үшін де бұл турнирде ерекше бір ойын көрсеткім келеді» деп,  ағынан жарылды колумбиялық Роджер Каньяс.

Сонымен, бүгін кешке «Астана Арена» алаңында футбол додасы. Олай болса, ел намысын арқалаған «Астана» командасына қолдау көрсетейік, қадірлі жанкүйер!

                                                                     Ғалым ҚОЖАБЕКОВ




Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button