Ел тынысы

Департамент мақтанышы



Әріптестер үшін үлгі болу – құрметті, бірақ өте қиын және жауапты міндет. Мұндай адамды кәсіби жолында кездестіру үлкен сәттілік, өйткені ол білім дағдылар пайдалы кеңестер мен адам даналығының қоймасы болып табылады.

Біздің департаментте мұндай қызметкер көптеген жылдар бойы жұмыс істейді. Өзінің жеке мысалында ол бірнеше жылдар бойы жинақталған тәжірбиені бере отырып, лайықты мемлекеттік қызметшілердің бірнеше буынын тәрбиеледі.

Зауреш Сейдахметова 1984 жылы еңбек жолын сәулет, қала құрылысында маман болып бастады. 1995 жылы Ақмола обылысы Жақсы ауданында жерге орналастырушы болып қызметке кіріп, содан бері Зауреш Шаншархановна өзінің қызметін өзгертпей келеді. Астана қаласы Жер ресурстары басқару департаментінің құрылымында  З.Сейдахметова 2007 жылдан бері жұмыс істейді және жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемелекеттік бақылауды қалыптастырудың бастауында тұрған тұлға болып табылады.

Ол жас мамандардың тұрақты тәлімгері болып лайықты еңбек сіңіріп келеді.

Мирас Жұманов,

Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті

директорының орынбасары 




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button