Мәдениет

Испан халқын тәнті етті

Испанияның Дения қаласында ХХХ халықаралық фольклорлық би фестивалі өтіп жатыр. Қазақстан атынан Пиреней түбегіне аттанған Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрына фестиваль шымылдығын ашып, өнер көрсету құрметі бұйырды.

«Хуан Наварро» фольклорлық ассоциа­циясы ұйымдастырған фестивальдің ашылуы барысында 75 минут бойы өнер көрсеткен «Наз» театры өнерпаздарына ­испандықтардың ықыласы ерекше болды. Аса ыждаһаттылықпен, зейін қойып тамашалаған көрермендер астаналық бишілерді қайта-қайта сахнаға шақырды. Әсіресе «Наздықтар» «Қара жорға» биімен қошеметке бөленді. Барлық концерттік нөмерді Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Қорқыт» этноансамблі сүйемелдеді. Ұлттық аспаптар үні мен ұлттық би үндесіп, испан халқын тәнті етті.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button