Шаһар шежіресі

«Дос-Мұқасан» – Есіл өңірінде



«Дос-Мұқасан» вокалды-аспапты ансамблі 1975 жылы 4-5 қыркүйекте Целиноград қаласындағы Жастар сарайының ашылу рәсімінде өз тыңдаушыларын сүйсіндірген, бұдан кейін де тың игерушілер алдында бірнеше концерт қойған болатын.

Әнші-композитор Мұрат Құсайынов жетекшілік еткен өнерпаздар Целиноград облысына гастрольдік сапармен 1989 жылы апрель айында «Құстың самғауы» атты жаңа музыкалық бағдарламамен келді.

Орындалған әндер мен музыкалық шығармаларда Арал, сел, тіл проблемалары қозғалады. Концерттік қойылымның идеясы – қазіргі болмысымызға құс қанаты талған биіктіктен қарап, оған тереңірек бойлау ниетінен туған.

Репертуардан жаңа әндермен қатар, электрлі музыка аспаптарына лайықталып өңделген халық әндері де берік орын алған. Целиноградта 1989 жылы 1 сәуір күні «Целинный» кинотеатрында кешкісін екі концерт қойды. «Досмұқасан» осы сапарында Атбасар, Державин, Жақсы, Қима аудандарында да өнер көрсетті.

Ғазиза ИСАХАН

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button