Жаңалықтар

Егемен елдің өрендері



Тәуелсіздік күні мерекесі аясында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында елорда мектептерінің арасындағы әкелер мен жасөспірімдер бойынша «Рақмет саған, туған ел» атты патриоттық әндердің қалалық вокалдық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Мерекелік бағдарламаның бірінші бөлімінде қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен білім мекемелерін әрі әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленген педагогтарды марапаттады. «Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген елең-алаң кезеңнен бастап Елбасымыз халқының дәулетін асырды, сәулетін тасытты. Еліміздің Президенті ­Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесін дамытудың үлкен міндетін қойып отыр. Жақында Сенатқа «Педагог мәртебесі туралы» заң келіп түсті. Ол біздің педагогтарымыздың рейтингі мен мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді. Өйткені мұғалімнің құрметі – бұл үлкен құрмет. Бұл марапаттар – мемлекетімізден беріліп жатқан бағалау. Баршаңыздың еңбектеріңізге жеміс тілеймін» деді Б.Мәкен. Сонымен қатар, «Эко челлендж» республикалық жобасының қорытындысы бойынша елордалық білім беру ұйымдарының 14 басшысын Әлеуметтік маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасы Ермек Мажитовтың қолынан марапатталды. Бұл жоба елорданың барлық мектептерінде жүзеге асырылды.
Екінші бөлімде елорданың 87 білім беру ұйымдарының ішінен финалға әкелер мен жасөспірімдерден 26 ұжымы шықты. Салтанатты марапаттау рәсімінде елорда әкелері мен жасөспірімдердің үздік ансамбльдері өнер көрсетті. «Рақмет саған, туған ел» атты І қалалық вокалдық патриоттық байқауының нәтижесі бойынша бас жүлдені №81 «Astana English School» гимназиясы вокалдық ұжымы, 1-орынды №72 мектеп-лицейі және №80 мектеп-гимназиясы, 2-орынды №43 орта мектеп және №54 мектеп-лицейі вокалдық ұжымы, №3 орынды №22, №86, №77, №66 мектеп-лицейі вокалдық ұжымдары иеленді.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button