Жаңалықтар

Екі миллионнан аса адам келмек



экспо

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне екі миллионнан аса адам келмек. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ның кеңесшісі Роза Асанбаева айтты.

«Инвестициялар және даму министрлігінің зерттеулері халық­аралық көрмені тамашалауға шамамен 2,1 млн адам келетінін болжап отыр. Соның ішінде 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі арасында өтетін шараға шамамен 300 мыңға жуық шетелдік турист қатынасады. Сондай-ақ, көрмеге келушілер еліміздің өзге аймақтарына да ат басын бұрмақшы. Сондықтан бұл бағытта арнайы туристік маршруттың сызбасы жасалып жатыр» деді ол.
Сондай-ақ, ол Ұлттық компанияның зерттеуі бойынша қызмет көрсететін қонақ үйлердің жалпы бөлмелер қоры 6,3 мыңға тең келеді. Соған орай, 2017 жылға қарай қосымша тағы 73 қонақ үй салынатынын да айтты.
Орайы келгенде айта ке­тейік, халықаралық тәжірибе көрсет­ке­ніндей, ЭКСПО секілді халықаралық көрмелер өткізу туризм саласын ғана емес, сонымен бірге, экономиканың басқа да салаларын дамытуға айтар­лықтай серпін берері сөзсіз.

Мейірхан МЕҢДІҰЛЫ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button