ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ЕКІ МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ



Астана қаласының басшылығы еліміздегі Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті елшісі және «Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығымен кездесті. Бұл отырыс жақында ғана «Абу-даби Плаза» құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде орын алған жағдайға қатысты болды.

«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы алдағы күндері 61 шетелдік жұмысшының, дәлірек айтқанда, Үндістан азаматтарының «Абу-Даби плаза» құрылыс алаңында тәртіп пен қоғамдық жағдайды бұзғаны үшін елден кететінін мәлімдеді.

Кездесу барысында мұндай жағдайдың қайталанбауы ескертіліп, шетелдіктерден Қазақстан Республикасының заңына бағынып, моральдық-әдеп тәртібі нормаларын сақтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқының салтына сыйластықпен қарау талап етілді.

«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы «Абу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы аяқталған соң, Қазақстан азаматтары үшін 2 мың жаңа тұрақты жұмыс орны құрылатынын хабарлады. Тараптар «Абу-Даби Плаза» нысанында жұмысқа ие бола алатын жергілікті кадрды даярлау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу жөнінде келісімге келді. «Абу-Даби Плаза» кешенінің жобасын іске асыруға 17 мыңнан астам қазақстандық қатысты, олардың 9,5 мыңы біліктілігі жоғары қызметкерлер – инженерлер, мұнаралы кран операторлары, қауіпсіздік техникасы бойынша мамандар. Қазіргі уақытта құрылысқа 3,5 мың қазақстандық азамат тартылған. Жобаның іске асуына 267 компания мен АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Испания, Ирландия, Ресей, Украина сынды 43 елдің азаматтары қатысуда.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button