Қала мен СалаҚала тіршілігі

Эко-белсенділік балабақшадан басталады



Елордадағы №77 «Қошақан» балалар бақшасының тәрбиеленушілері «Таза ойын» марафонына қатысты. Кішкентай эко-белсенділер эко-сайқымазақтармен бірге қызықты ойындарға атсалысып, қоқысты сұрыптап жинау, қоршаған ортаны таза ұстау бойынша сабақ алды.

[smartslider3 slider=848]

Квестің алғашқы кезеңінде бүлдіршіндер қатты тұрмыс­тық қалдықтарды сұрыптап жинау дағдысымен танысты. Бұл кезеңде марафон қатысушыларына қоқыстың өңдеу­ге байланысты ақпараттар берілді. Ал екінші кезеңде кішкентай эко-белсенділер табиғатты аялаудың, оны лас­тамаудың маңызы жөніндегі мәліметтерге қанықты. Бүлдіршіндерге әсіресе «Қоқыспен күресу, табиғат және адам» деп аталатын ертегі қатты ұнады. Сонымен қатар олар есте сақтау қабілеті мен логиканы жетілдіруге, сын тұрғысынан ойлауға үйрететін ойындарды ойнады.

Марафон соңында кішкентай эко-белсенділерді шара ұйымдастырушылары алғыс хаттармен марапаттады. Дәл осындай форматтағы эко-квест қаладағы барлық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылмақ.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button