Жаңалықтар

Екпе алғанға – екі бөлмелі пәтер



Алдағы қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласының вакцина алған тұрғындары арасында екі бөлмелі пәтер.

Бұл ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан вакцинацияның барлық пунктінде екпе алған қала тұрғындары қатысатын болады. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі. Арнайы құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны тікелей эфирде өтеді.

Елорда әкімдігі вакцина алғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынын апта сайын өткізіп келеді. iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың кезекті алтыншы ұтыс ойыны 14 тамыз күні (сенбі) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Сондай-ақ MEGA Silk Way СОО-дағы вакцинация пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияның бірінші компонентін алғандар арасында автомобиль ұтысы өтеді.
Бұдан бөлек, екпе алғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойыны өзге де СОО мен СҮ-лердегі вакцинация пункт­терінде ұйымдастырылады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button