Басты ақпарат

ЭКСПО құрылысы жіті бақылауда



2a0b85bd9b3df79c600e121ba48

Астана қаласының әкімі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков көрме кешені құрылыстарын аралап, көшпелі жиын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жиынға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК топ-менеджменті, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, мердігерлік ұйымдар мен инвестициялық компаниялардың басшылары қатысты.
Күллі әлем көз тігіп отырған «ЭКСПО» мамандандырылған халықаралық көрмесі елордада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өткі­зі­летіні белгілі. Жаһандық шараға 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Соның ішінде 100 мемлекет, 10 халықаралық ұйым, инновациялық технологиялармен айналысатын 10 жетекші компания бар. Қазақ елінің абыройы асқақтататын мұндай ірі ха­лық­аралық шараға Астана да жан-жақты дайындықпен келуі керек.
Жалпы ауданы 174 гектарды құрайтын көрме алаңында Қазақстанның басты павильоны, конгресс-орталық, амфитеатр, халықаралық павильондар, сауда, ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері мен қонақ үйлер салынып жатыр.
Кеңес барысында қала әкімі ны­сандар құрылысын уақытылы қар­жыландыру мәселесіне маңыз беріп, ғимараттарды көрме өткіз­ген­нен кейін де тиімді пайдалану жайына тоқталды. Қауіпсіздікті сақтау мәселесі де кеңінен талқыланды.
Кеңес қорытындысында елорда әкімі тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button