Қоғам

ЕЛ БІРЛІГІНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ



Есіл ауданының еңбек ардагерлері «Ұлтаралық келісім – Қазақстан халқы бірлігінің негізі» атты жиын өткізді. Жүзден астам адам қатысқан жиында бүгінгі заман тала­бынан туындайтын мәселелердегі аға буын өкілдерінің жауапкершілік жүгі бағам­далды.

shshshs

Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Сыздықов сөз алып, елде болып жатқан рухани жаңғырулардың түп мәніне тоқталды. Ол өткенімізді саралап, болашаққа жалау болатын құндылықтарымызды қадірлеуді ұсынды. Достығы берік ел қазіргі заман сындарына қарсы тұратын, ал азаматтардың биік саналығы қоғамды алға оздырып, басқа елдерден мерейін арттыратын қасиеттер ретінде танып, оның нығаюына тікелей атсалысуымыз қажет деді. Осылайша, елді ынтымаққа бастайтын істің басында жүру қажеттігін алға тартты.

«Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының жетекшісі Салман Героев ел бірлігі тұрғысында «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» қағидасы халықтар достығы мен қоғамдық келісімнің негізін құрайтын басты құндылықтары ретінде атап өтті. Шараға қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов төрағалық етті. Жиынға қатысушылар алдында елордалық этномәдени орталықтары өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button