Басты ақпаратСаясат

Елбасы Н.Назарбаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделxатын жолдады



Жеделхатта Мемлекет басшысы Кветта қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Akorda

«Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризмнің әрекеттерін қатаң айыптайды. Әлемдік қауымдастықтың осы қауіп-қатердің таралуына қарсы күрестегі күш-жігерін толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша достас Пәкістан халқына көңіл айтты.

Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды akorda.kz

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button