ӘлеуметЖаңалықтар

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТТІ ЖҮЙЕ



Астана әкімдігінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың басымдықтарын түсіндіруге арналған баспасөз мәслихаты өтті.
43805f715a93dd7c4ad0a6f09cff3b2c

Алдағы жылдан бастап елімізде халық­аралық тәжірибеге негізделген меди­циналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін салымдар жасайды.
Сондықтан жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар Әлеуметтік медициалық сақтандыру қорына салымды алдағы жылдың 1 қаң­тарынан бастаса, ал мемлекет сол жылдың 1 шілдесінен бастап сала бастайды.
Мемлекеттің ерекше санаттағы азаматтары үшін мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Бұл ретте мөлшерлеменің көлемі кезең-кезеңмен жоғарылайды. Дәлірек айтқанда, 2017 жылы – 4 пайыз, 2018 жылы – 5 пайыз, 2023 жылы – 6 пайыз және 2024 жылдан 7 пайыз болады. Жұмыс берушілердің жарналарының жалпы көлемі кірістің 5 пайызын құрайды.
Айта кетейік, Мемлекет азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамтамасыз ету құқығын өзінде қалдырады. Мәселен, әлеуметтік маңызды аурулар, кезек күттірмейтін жағдайлар кезінде оларға медициналық көмек көрсетіледі.
«Аталмыш медициналық сақтан­дыру шеңберінде азаматтарға дәрі­лік қамтамасыз етумен бірге амбула­то­риялық-емханалық көмек, стацио­нарлық медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыру технологиялары және ұзақ мерзімді мейірбикелік күтім көрсетіледі» деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Бейсенбаев.
Сонымен бірге әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорына жарна төлеуден азаматтардың 15 санаты боса­тылады, оның ішінде 12 санаты халықтың әлеуметтік әлсіз топтары, сондай-ақ, әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button