ӘлеуметЖаңалықтар

Жолың болсын, «Тәуелсіз Қазақстан»!

Бүгін Астанадан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы сапарға шығады. Теміржол вокзалынан түскі сағат 13.00-де қозғалатын пойыз жолда 43 күн жүріп, еліміздің 35 қаласы мен елдімекенін аралайды.
pojyz

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған ізгілікті іске Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болып отыр. Білім, денсаулық, әлеуметтік және заң саласының білікті мамандары мінген пойыз алғашқы күні Қарағандыға барады. Онда үш күн аялдап, әрі қарай Семей, Павлодар, Екібастұз, Ерментау, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, басқа да қалалар мен ауылдарды аралап, тұрғындарға жоғары мамандандырылған қызмет көрсетіп, тегін кеңестер береді.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының соңғы межесі – 14 желтоқсан күні Алматыға келіп тоқтайды.

Пойызда жасақталған топтың құрамында сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар да бар. Олар әрбір тоқтаған стансада қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады. Бұған қоса, министрліктер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазАгро» өкілдерінен тұратын 70-тен астам мамандар да халықтың көкейіндегі сауалдарға жауап беретін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button