Жаңалықтар

ЕЛОРДАЛЫҚ ЕМХАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ



Image 41

Елордамыздағы №4 қалалық емхана ИСО 9001:2008 халықаралық стантартына сәйкестігі туралы сертификат алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық басқармасынан хабарлаған.

Сертификациялауды әлемдегі тәуелсіз аудиторлық қызметтер ұсынатын жетекші  компаниялардың бірі  ТЮФ Рейланд Групп (Германия) компаниясының үздік сарапшылары жүргізген. Сапа сертификаты – астаналық емхананың  қызмет көрсетуі халықаралық стандартқа сәйкестігін дәлелдейді. Айтып өтсек, елордалық №4 емхана 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Республиканың үздік емханасы» номинациясында жеңімпаз болған.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button